Бейбітшілік кеңесі – жаһандық тұрақтылыққа бағытталған уақтылы қадам

120

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Бейбітшілік кеңесі – жаһандық тұрақтылыққа бағытталған уақтылы қадам Фото: www.thenews.pk

Бейбітшілік кеңесін құру бастамасы халықаралық шиеленістер күшейген кезеңде дер кезінде көтерілген әрі нақты нәтижеге бағытталған маңызды ұсыныс. 

Президенттің айтуынша, бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыруды емес, керісінше, оның қызметін толықтырып, тиімділігін арттыруды көздейді. Осыны бастама авторларының өзі де ашық атап өткен. Атап айтқанда, АҚШ Президенті Дональд Трамп Жарғыға қол қою рәсімінде Бейбітшілік кеңесінің БҰҰ-ға балама құрылым емес, қолдау тетігі екенін нақтылаған.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда БҰҰ белгілі бір институционалдық қиындықтарға тап болып отырғанын айтып, жаңа форматтағы диалог алаңдарының қажеттілігі артқанын жеткізді. Осы тұрғыда Бейбітшілік кеңесі халықаралық қоғамдастық үшін икемді әрі прагматикалық шешімдер ұсынатын маңызды құралға айналуы мүмкін.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2803-қарарын іске асыруға серпін беретінін атап өтті. Аталған құжатта бейбітшілік халықаралық легитимділікке және жауапты көшбасшылыққа негізделуі тиіс екені айқын көрсетілген.

Президенттің пікірінше, Бейбітшілік кеңесі қақтығыстарды реттеудің жаңа тәсілдерін ұсынып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қоса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу