АҚШ пен Ресей Сирияның оңтүстік-батысында қақтығысты тоқтауға келісті. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, келісім 9 шілдеден бастап күшіне енеді.
Бұл – АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің алғашқы кездесуі. Қос державаның басшылары Германияның Гамбург қаласында "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитінде ресми кездесу өткізді. Мәліметтерге қарағанда, кездесу жабық болған. Келіссөздер шамамен 2 сағаттан астам уақытқа созылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу