Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры ұсталды

1406

Әділ Арынның үстінен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) іс қозғалды.

Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры ұсталды

Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арын 20 млн теңгеден астам бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады "Время" газеті.

"Мәдениет саласы айналасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағы бір шу шықты: уақытша ұстау изоляторына "Пирамиданың" бас директоры Әділ Арын қамауға алынды", – делінген басылымда.

Әділ Арынның үстінен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) іс қозғалды.

Сондай-ақ, Бейбітшілік және келісім сарайының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің жетекшісі Айдос Исаханов сыбайлас болды деген күдікке ілінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу