Бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы кәсіби дағдыны меңгереді

81

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы кәсіби дағдыны меңгереді Фото: Оқу ағарту министрлігі

Қазақстандық мектептерде ашылған бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы кәсіби дағдыларды меңгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Қазақстандағы орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып ашылып жатыр, бұл сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы білім алып, кәсіби дағдыларды игереді деп жоспарланған.

Мұндағы мақсат – 9-11сынып оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.

2025–2026 оқу жылында қазақстандық мектептерде техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету, шығармашылық, мәдениет, медицина, әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар жұмыс істей бастады.

Бұл сыныптардың мазмұны өңірлердің экономикалық ерекшеліктері мен кадр тапшылығы бар салаларға сәйкес қалыптастырылған. Жобаға жергілікті жоғары оқу орындары, колледждер мен жұмыс берушілер де белсенді қатысуда

Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу