Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бейіт басына мәрмәр тас орнатып, қабірді темірмен қоршауға тыйым салынатын заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президенттің айтуынша, бейіт қоршауы тек ағаштан жасалуға тиіс әрі оның биіктігі 70 сантиметрден аспауы керек. Марқұмдарды еске алу үшін үйде құран оқу жеткілікті.
Ал бейітке екі қабатты кесенелер соғып, жан-жағын құрылыс материалдарымен қоршау дәстүрімізге жат дейді ел басшысы.
Мұсылмандар діни басқармасы алдағы уақытта жерлеу рәсімдері, қабір салу, ескерткіш орнату туралы арнайы пәтуалар шығармақ. Онда ас беру тәртібі де қамтылады. Қырғызстан билігі жаңа заң ысырапшылдыққа жол бермеу үшін қабылданғанын атап өтті.