"Камераларды әдейі өшірген": Шымкентте шаруашылықтан мал ұрлаған 2 жұмысшы ұсталды

198

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Камераларды әдейі өшірген": Шымкентте шаруашылықтан мал ұрлаған 2 жұмысшы ұсталды Фото: polisia.kz

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрланған ірі және ұсақ қара малды анықтап, заңды иесіне қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгені құрады.

Қылмысқа шаруашылықтың 2 жұмысшысы қатысы бар екені белгілі болды. Полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген.

Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіріп отырғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу