Бейнебақылау камераларының көмегімен 2 мыңнан аса қылмыс ашылған

1548

 Бейнебақылау камераларының көмегімен 2 мыңнан аса қылмыс ашылған

Бүгін үкімет отырысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қалмұханбет Қасымовтың баяндауынша, бүгінде қоғамдық тәртіпті сақтауда бейнебақылау жүйелері көп рөл атқарады. Қазіргі уақытта шамамен 6 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның бәрі Жедел басқару орталықтарына тікелей қосылған. Олардың көмегімен 288 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 2074 қылмыс ашылды.

Өңірлерде "Қауіпсіз аула" жобасы ойдағыдай іске асырылып жатыр. Осы жоба аясында 67 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Биыл олардың көмегімен үйлердің аулаларында 1,5 мыңнан астам қылмыс ашылған, 212 мыңнан астам тәртіп бұзушылық анықталған.

"Қабылданып жатқан шаралар жалпы көше қылмысын азайтып, ұсақ тәртіп бұзушылықтарды жылдам анықтауға жол ашуда. Бұл қоғамда "тәртіпсіздікке деген нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді", — деп Қасымов, өңірлерде де заманауи бейнебақылау жүйелерін дамыту жөніндегі ұсынысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу