"Бейнекамераға қарап қойып, пышақтағы қанды сүрткен": Ақтөбедегі сотта сұмдық жайттар айтылды

87

Ақтөбеде пойыз бастығын вокзалда пышақтап өлтірген жігітке қатысты сот басталды.  

"Бейнекамераға қарап қойып, пышақтағы қанды сүрткен": Ақтөбедегі сотта сұмдық жайттар айтылды Фото: Видеодан скриншот

28 жастағы сотталушы қылмысын саябақтағы бейнекамераға қарап тұрып істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Айыпталушы істі алқа билердің қарағанын құп көрді. Кеше алқа билер толық іріктеліп, оқиғаның мән-жайымен танысты.

Қанды оқиға осыдан 3 ай бұрын болған. Пойыз бастығы сол күні демалысқа шыққан. Вокзал алдындағы гүлзарда келе жатқанда алдынан жігіт шығып, шылым сұрайды. Темекі бермеген соң, сол жерде алты рет пышақ сұғып алған. Вокзал аумағындағы бейнекамераға қарап қойып, пышақтағы қанды сүртіп, өз жөніне кете барыпты.

28 жастағы күдікті бұған дейін сотталып, пробация бақылауында жүрген. Енді бұрын жасаған қылмысына тағы жаза қосылады.

Айыпталушы сотта: "Бір рет пышақ сұқтым", – деп ақталмақшы болды.

Сондай-ақ жәбірленуші тарап қанды қылмысқа өзге адамдардың да қатысы бар екеніне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу