"Бейнетаспаға түсіріңіз": Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан

443

31 жастағы қала тұрғыны жергілікті журналистке қоңырау шалып, "көпірден секіріп, өз-өзіме қол саламын, келіп бейнетаспаға түсіріңіз" деп айтқан.

"Бейнетаспаға түсіріңіз": Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан

– Бір адам маған қоңырау шалып, өзін-өзі өлтіру үшін көпірге қарай бара жатқанын және сол сәтті видеоға түсіргенімді қалайтынын айтты, деді ол, – деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қоңырау тұтқасын қойған журналист бірден полицияға хабар берген. Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған азаматты көпір үстінен байқап, бірден жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Полиция келгенге дейін бұл азамат көпірден өтіп бара жатқан автобустың астына түсуге тырысқан. Алайда автобус жүргізуші дер кезінде тоқтады. Қала тұрғыны сонда да автобустың астына кірмекші болды.

Тәртіп сақшылары ер адамды автобустың астынан шығарып, патрульдік көлікке отырғызды. Ол Атырау қаласының Полиция басқармасына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу