Бейнеу ауруханасында инфекциялық бөлім босап қалды

711

Ондағы "Covid-19" жұқтырған соңғы науқас жазылып шыққан.  

Бейнеу ауруханасында инфекциялық бөлім босап қалды

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық орталық ауруханасынан коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты. Қазір мұндағы науқастарға арналған инфекциялық бөлім бос тұр. Айта кетейік, аудандық орталық аурухана жетпіс мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 384 науқас тіркеліп, ауруханада емделген, олардың барлығы бүгінгі күні толық жазылып шықты. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 150 орыннан 30 орынға қысқарған. Ал пневмония диагнозымен бар-жоғы он екі адам ем қабылдауда.

"Бүгін бізден емделіп шыққан соңғы пациент – жасы алпыстан асқан апа, 6 тамыз күні коронавирустық инфекция және екі жақты өкпенің қабыну пневмония диагнозымен түскен болатын. Қазір жағдайы жақсы. Алдағы екі апта дәрігерлер бақылауында болады. Бұл күн-түн демей, тәулік бойы жұмыс істеп, осындай нәтижеге қол жеткізген қызметкерлеріміздің арқасы", –  деді орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Берік Абдуллаев. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу