Республика бойынша ауыл халқының саны жағынан Бейнеу көш бастады

1889

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылы халқының саны жағынан еліміздегі елді мекендердің арасынан бірінші орынға шықты. Қазіргі күні онда 56 348 адам тұрады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Республика бойынша ауыл халқының саны жағынан Бейнеу көш бастады

Бейнеу ауылы тоғыз жолдың торабына орналасқан. Іргесі 1916 жылы қаланған, 1973 жылдан бері Бейнеу ауданының орталығы. Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың басым бөлігі бюджеттік сала мен темір жол қызметінде жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікпен, мал шаруашылығымен айналысып, өндірістік мекемелерде, мұнай және газ компанияларында, ұлутас карьерлерінде еңбек етіп жатқандар бар. 

"Ауылымыздың халық саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда ауылда 11 мектеп, 10 бөбекжай, 2 колледж және аурухана тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жыл сайын ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар, атап айтқанда, көркіне көрік қосқан сәулет ескерткіштері, мәдени-спорттық кешендер бой көтеріп, жарықтандыру, абаттандыру, асфальт төсеу, тазалық жұмыстары жүргізіліп, үнемі даму үстінде. Бүгінде ауылымыз халық саны бойынша республикадағы басқа ауылдардың арасында алдыңғы орынды иеленді", – дейді ауыл әкімі Расул Тайшыбаев.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу