Бейнеу ауылындағы дәмхана иесі сотталуы мүмкін

288

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында адамдардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Бейнеу ауылындағы дәмхана иесі сотталуы мүмкін Фото: Ашық дереккөз

Фастфуд орталықтың қожайыны сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

"Қазір асханадағы тамақ құрамы лабораториялық тексеріске жіберілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң, процессуалдық шешім қабылданады", - дейді полицейлер.

Еске сала кетсек, Бейнеу ауылында тапсырыспен пицца, суши алдырған 37 адам ұшынған. Қазір аудандық ауруханада 27 адам емделіп жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты. Арасында жүкті әйелдер мен балалар бар.

"ҚР қылмыстық Кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен тіркелді, яғни санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Үлгілерге байланысты қорытындылар әлі күтілуде. Қылмыстық іс жалғасуда. Басқа мәліметтер қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сай жарияланбайды", - деп мәлімдеді ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы Айболат Мұрзашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу