Бейнеу – Маңғыстау теміржолын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

94

Жоба аяқталғаннан кейін учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 12-ден 17 жұп пойызға дейін артады.  

Бейнеу – Маңғыстау теміржолын жаңғырту жұмыстары жалғасуда Фото: ҚР Көлік министрлігі telegram

Мемлекет басшысының көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскесін жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Қазіргі уақытта разъездердің басым бөлігінде негізгі жер жұмыстары аяқталып, рельс-шпал торын төсеу мен жолдарды балластау жалғасуда. Сондай-ақ бағыттауыш бұрмаларды орнату және су өткізу құбырларын ұзарту жұмыстары жүргізілген. №12 разъезде көпір құрылысы қолға алынған.

Жоба аясында дабыл беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелері де жаңартылуда. Магистральдық кабельдер мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу аяқталып, қазір оларды сынақтан өткізу және іске қосуға дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Теміржолшылардың мәліметінше, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Бейнеу – Маңғыстау учаскесінің өткізу қабілеті тәулігіне 12-ден 17 жұп пойызға дейін ұлғайып, тасымал қауіпсіздігі мен теміржол инфрақұрылымының тиімділігі артады. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу