"Қазақстан темір жолы" компаниясы жағдай бақылауда екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
16 шілде күні сағат 08:04-те Бейнеу – Маңғыстау учаскесінің Сайөтес – №9 жол айырығы аралығында Маңғыстау жол дистанциясының қызметкерлері жер төсемі еңісінің сырғуын анықтаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұған толассыз жауған жауын себеп болған. Бір апта ішінде айлық жауын-шашын мөлшері түскен.
"Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша тақ жолмен қозғалыс ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" компаниясы.
Оқиға орнына жедел түрде комиссия мен мамандандырылған қызметтер барды.
Қазіргі уақытта учаскеге тексеру жүргізіліп, қозғалысты қалыпты режимде қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.