Маңғыстауда мас адам жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады

225

Маңғыстау облысында масаң күйде болған ер адам дәрігерлерге шабуыл жасап, полиция қызметкерін жарақаттады.

Маңғыстауда мас адам жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады Фото: vlast.kz

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Бейнеу ауданында әйел адам жедел жәрдемге қоңырау шалып, танысы ұрғанын, сол сәтте өзінің қансырап жатқанын хабарлаған.

Ол мұнымен қоймай, жедел жәрдем келген бойда арнайы көліктің терезесін сындырып, ақ халаттыларға шабуыл жасаған. Артынша жеткен полицейдің денесіне де зақым келтірген.

– Құқық бұзушының мас күйінде полицияға қарсылық көрсеткені анықталды. Тәртіп сақшысына медициналық көмек көрсетілді. Сараптама тағайындалды. Қажетті кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, – деп хабарлады Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу