Бейнеуде су тазартатын станция іске қосылды

1589

Бейнеуде су тазартатын станция іске қосылды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Бейнеу ауылында су тазартатын станция іске қосылды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Станция  тәулігіне  Астрахань – Маңғышлақ су арнасынан ағып келетін  12 мың текше метр суды тазалай алады.  Резервуарлардың сыйымдылығы 45 мың текше метрді құрайды.  Жобаның құны 2,2 млрд теңгеден асады.

Нысан құрылысы 2014  жылы басталып, былтырғы жылдың соңына аяқталды. Кәсіпорында  25 маман еңбек етеді.

"Осы уақытқа дейін Бейнеу ауылындағы 11 мыңнан астам түтін су таситын көліктермен жеткізілетін суды пайдаланып келді.  Су тазалайтын жаңа станция іске қосылған соң 10 мыңнан астам үйге су жіберіледі.  Нысанның 4 және 5 кезеңдері іске қосылған соң  Бейнеу ауылында халықты ауыз сумен қамту 100 пайызға шешімін табады", – деп атап өтті станцияның ашылу рәсіміне қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу