"Камераларды алдау әрекеті бекер!": Полиция жүргізушілерге ескерту жасады

222

Полиция жүргізушілердің жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылу үшін қандай қулыққа баратынын айтты. 

"Камераларды алдау әрекеті бекер!": Полиция жүргізушілерге ескерту жасады Фото: engels-city.ru

Алматы ПД мәліметінше, ең көп таралған қулықтар – бейне жүйелерден мемлекеттік нөмірді жасыру, деп хабарлайды хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында Алматы қаласының Патрульдік полиция қызметкерлері "Алматы паркинг" кәсіпорнымен бірлесіп, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін шүберектер, жапсырмалар, картон және басқа да қолда бар құралдармен, оның ішінде ақылы автотұрақ аумағында жасыратын жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Төле би даңғылы бойында жүргізілген бір сағаттық жергілікті іс-шара кезінде 30-дан астам жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Олар тез арада тәртіп бұзушылықты түзеді және айыппұл салынды. Осы рейдтен 6 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.

Сондай-ақ, полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, бейнежүйелерді алдау әрекеттерінің пайдасыз екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу