Министрдің мәлімдеуінше, бейресми жұмыспен қамтылғандар саны 400 мың адамға қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Серік Шәпкеновтің сөзінше, жұмыспен қамтудың жалған фактілерімен күресу үшін мамыр айынан бастап жұмыссыз ретінде тіркелу, бюджеттік несие алуға өтінім беру және өзге де қызметтер электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн форматта көрсетіледі. Ал азаматтардың еңбек мобильділігіне ықпал ету үшін көшуге берілетін субсидия мөлшері 35-тен 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу