Бейрут халқы жаппай ереуілге шықты

751

Наразы топ үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Бейрут халқы жаппай ереуілге шықты

Ливан астанасы Бейрут қаласының орталығына тұрғындар ереуілге шығып, полицейлер оларды тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданған.

Наразы топ үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп отыр. Бас көтергендер парламент ғимаратына баса-көктеп кірмекші болған. Олар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, шабуыл жасаған, жарақат алғандар бар. Бұл – жарылыстан кейінгі бірінші ереуіл. 

Соңғы мәлімет бойынша, порттағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 149-ға жеткен. 5 мыңға жуық адам жарақат алды. 300 мың тұрғын үйсіз қалған.

Жергілікті биліктің айтуынша, апатқа  6 жыл бұрын тәркіленген 2,7 мың тонналық аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған екен. Бірақ нақты себебі қазір анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде. АҚШ-та апаттың неден болғанын анықтауға кірісіп кетті. 

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 5672-ге жеткен. Осы күнге дейін 70 адам аурудан қаза тапты. 1974-і ем-дом қабылдап жазылған.

Табиғат Нұрболат

Фото: aljazeera.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу