Бейруттағы жарылыстың себебін АҚШ анықтайды

478

300 мың жергілікті тұрғын үйсіз қалды.

Бейруттағы жарылыстың себебін АҚШ анықтайды

Құрама Штаттар Ливан астанасы Бейрут қаласындағы жарылыс туралы ақпарат жинап, гуманитарлық көмек көрсетуге дайындалып жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың қорғаныс министрі Марк Эспер хабарлады.

"Біз әлі де жарылысқа қатысты деректер жинап жатырмыз. Көбісі бұны апат деп есептейді. Мен әзірге бұған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Әрине, бұл өте қайғылы оқиға. Біз көмектесуге дайынбыз. Бүгін мемлекет хатшысы Майк Помпеомен, Ливан үкіметіндегілермен хабарластым. Біз гуманитарлық және медициналық көмек көрсетеміз", – деді Эспер.

Еске сала кетсек, Бейрут портындағы жарылыс 5 тамызда болды, салдаранын қаланың жартысы дерлік қирап, 300 мың тұрғын үйсіз қалды. Жергілікті билік апатқа 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болды деп мәлімдеді. 

Осыған байланысты Ливан үкіметі үш күндік аза тұту жариялап, тергеу амалдарын бастап кетті. Сонымен қатар порт әкімшілігін, порттың қауіпсіздігі мен жарылғыш затқа жауаптылардың барлығын үй қамағына алды. Соңғы мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 135 адам қаза тауып, 5000-ға жуық тұрғын түрлі деңгейде жарақаттанған.

Ескере кететін жайт, 6 тамызда бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны 5417-ге жетіп,оның 68-і көз жұмған. 1880 адам аурудан айыққан. 

Табиғат Нұрболат
Фото: timesofisrael.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу