Бейрутте жарылғыш затты сақтаған кеменің қожайыны тергеуге алынды

987

Жойқын жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Ливан айлағында жұмыс істейтін 16 қызметкер қамауға алынды.

Бейрутте жарылғыш затты сақтаған кеменің қожайыны тергеуге алынды

Бейрутте жарылғыш затты сақтаған кеменің қожайыны тергеуге алынды. Ол – Кипрде тұратын ресейлік бизнесмен Игорь Гречушкин. Төтенше жағдай туралы естіген соң, ол жергілікті Ресей консульдығына өзі хабарласқан көрінеді.

Жойқын жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Ливан айлағында жұмыс істейтін 16 қызметкер қамауға алынды. Қазір әскери прокуратура тергеу жүргізіп жатыр.

Апатқа Бейруттағы теңіз портының базасында сақталған цистернаның жарылуы себеп. Онда 6 жылдан бері 2750 тоннаға жуық аммиак селитрасы тұрған. Салдарынан 145 азамат жантапсырып, 5 мың тұрғын ауыр жарақат алды. Баспанасынан айырылған 250 мыңнан аса адам далада қалды. Із-түзсіз кеткендер саны әлі нақтыланып жатыр. Бейрут халқы жарылыс құрбандарымен қоштасып, оларды жер қойнына тапсырды.

© AP Photo / Hussein Malla

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу