Бейсен Құранбек атындағы стипендия табыс етілді

1000

Шара барысында Бейсеннің әріптестері мен достары естеліктер айтып, студенттерге ақыл-кеңестерін берді.

 Бейсен Құранбек атындағы стипендия табыс етілді

Бүгін Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің журналистика кафедрасының үш үздік студентіне талантты журналист Бейсен Құранбек атындағы стипендияны салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz  "Оtyrar" сайтына сілтеме жасап.

Шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова, елімізге танымал тележурналист Әбдез Рахманұлы және бір топ облыстық мәслихат депуттатары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сөз алған Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай марқұм Бейсен Құранбек туралы кеңінен сөз қозғап, оның қазақ журналистикасына қосқан үлесін тілге тиек етті.

"Талантты журналист Бейсен Құранбекпен бір группада білім алдық. Дос болдық. Бейсен еңбек жолын спорт газетінен бастап, барлық сатылардан өткен өте тәжірибелі нағыз журналист еді. Оның қазақ журналистикасына қосқан үлесі орасан. Бір ғана "Айтуға оңай", "Қаракет" сынды ток-шоулары елдің ыстық ықыласына бөлінді. Алайда Бейсеннің ғұмыры тым қысқа болды. Алланың бұйрығы шығар. Ендеше бүгінгі Бейсен атындағы степендияны иеленіп отырған іні-қарындастарымызға досымыздың ғұмырын емес, тағдырын емес, талантын, еңбексүйгіштігін, адалдығын берсін деп тілейміз", – деді Ғалымжан Қамытбекұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу