Бейсен Құранбек атындағы "Жігер-2021" сыйлығының жеңімпаздары анықталды

1014

Марапаттар тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің журналистік қызметтегі принциптерін барынша толық көрсететін жұмыстардың авторларына табыс етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Бейсен Құранбек атындағы "Жігер-2021" сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Іс – шара "Astana Media week-2021" аясында Нұр-Сұлтанда өткізілді.

"Жігер" байқауының "Әлеуметтік тақырыптағы үздік бағдарлама" номинациясы бойынша жеңімпаздары:

І орын – Сәния Байтарова, "Жетісу" телеарнасының редакторы ("Арнайы хабар" "Меруерттің мұңы" шығарылымы);

ІІ орын – Ерлан Мұқанов, "Ақтөбе" телеарнасының редакторы ("Жігер" бағдарламасы);

ІІІ орын – Индира Бектенова, "Қазспорт" телеарнасының бас редакторы ("Әлемді мойындатқан Шардара" бағдарламасы).

Байқау жеңімпаздары диплом, "Жігер" естелік мүсіншесінің және қаржылай сыйақы иегерлері атанды:

I орын иегері – 1 000 000 теңге;

II орын – 500 000 теңге;

III орын үшін – 300 000 теңге.

Жеңімпаздар есімі медиасала кәсіби мамандарынан, қоғам қайраткерлері мен Бейсен Құранбектің серіктестерінен құралған қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу