Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Шымкент әкімінің орынбасары болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Шымкент әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.
Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін философия пәнінің, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.