Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

565

Еліміздің тек оңтүстік-шығысында  ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады Фото: google.com

29 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазақстанның батысында циклон науқанының ықпалы жалғасады, соның салдарынан  республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр мен қар жауады.  Еліміздің тек оңтүстік-шығысында  ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болып, батыста, оңтүстікте көктайғақ, оңтүстік-шығыста, шығыста желдің күшеюі күтіледі", деп жазылған таратылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу