Бейжің 2016 жылы көлік инфрақұрылымын салуға 28,6 млрд (4,1 млрд доллар) бөледі, деп хабарлады Бейжіңнің көлік істері жөніндегі муниципалдық комитеттің жауапты өкілі. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.
Биыл ел астанасы аталған салаға 30 млрд юань инвестиция құймақшы. Бұл қаражат Тунчжоу ауданын, астананың әкімшілік суборталығын шаһардың орталық аудандарымен және өзге де көрші аудандармен байланыстыратын көлік нысандарын жақсарту үшін жұмсалады.
Жоспарға сәйкес, биыл қалалық рельсті көлік желісінің ұзақтығы 600 шақырымнан асатын болады. 2016 жылдың соңында бұл көрсеткіш "Синьхуа" агенттінінің хабарлауынша, 574 шақырымды құраған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу