Бейжің-2022: Бүгін қазақстандықтар 5 спорт түрінен сайысқа түседі

1188

Дүбірлі додада жалпы 34 спортшы бақ сынайды.

Бейжің-2022: Бүгін қазақстандықтар 5 спорт түрінен сайысқа түседі

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сайысқа түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олар тұғырдан секіру, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, фристайл және шорт-тректен  жарыс алаңына шығады.

Шаңғы жарысы, скиатлонда – 7,5 шақырым, классикалық стильде + 7,5 шақырым еркін стиль. Бұл жарыста Қазақстан намысын Валерий Тюленева, Ангелина Шурыга, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина қорғайды. Тікелей көрсетілім Qazaqstan телеарнасында астана уақытымен 13:35-те басталады.

Конькимен жүгіру, 3 мың метр, әйелдер арасында. Жарысқа қазақстандық Надежда Морозова қатысады. Жарысты тікелей эфирден сағат 14:25-те "Хабар" телеарнасынан көре аласыз.

Фристайл-могулда ерлер арасында ел намысын Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков қорғайды. Олар үздік нәтиже көрсеткен 10 спортшының қатарынан көрінсе, жүлделі орынға таласа алады. Тікелей көрсетілімді сағат 15:55-де Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Шорт-тректе Абзал Әжіғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиши сайысқа түседі. Олар командалық эстафетада өнер көрсетеді: ширек финал, жартылай финал және финал. Тікелей көрсетілім сағат 16: 55-те "Хабар" телеарнасында басталады.

Сондай-ақ тұғырдан секіруден жарыс жолына Сергей Ткаченко мен Данил Васильев шығады. Тікелей көрсетілімді сағат 14:05-те Qazsport телеарнасынан көре аласыз.

Сондай-ақ шорт-тректе ерлер арасында (1000 метр) Әділ Ғалиахметов бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу