Бейжің-2022: Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінің нәтижесі

1428

Іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. 

Бейжің-2022: Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінің нәтижесі

Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Турнир ережесіне сәйкес, іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. Қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. 

Қазақстан командасы төмендегідей нәтиже көрсетті: 

- Олеся Граур (57.18 ұпай) – 23-орын. 

- Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) – 16-орын.

- Анастасия Городко (жарысты аяқтаған жоқ).

Осылайша, қазақстандық спортшылар іріктеудің екінші айналымында сынға түседі. Екінші кезең 6 ақпанға жоспарланған. 

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу