Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алады?

933

Шорт-тректен Олимпиада ойындарында үздік бестікке және төрттікке енген қазақстандық шорт-трекшілерге қаржылай жүлде қарастырылған. 

Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алады?

Онлайн баспасөз мәслихатында шорт-тректен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Бейжің Олимпиадасындағы өз шәкірттерінің өнеріне жоғары баға берді, деп жазды inbusiness.kz.

“Бейжің Олимпиадасында ел тарихында алғаш рет қос спортшымыз жекелей сынның финалына шықты. Жарыстың алғашқы күндері Әділ Ғалиахметов ерекше көзге түскен болатын. Ол 1500 метрлік бәсекенің финалына дейін жетті. Алайда соңғы медальға талас кезінде 8-ші сатығы тұрақтады. Одан кейін Абзал Әжіғалиев 500 метрлік бәсекеде 4-ші орын алды. Осылайша жүлделі орынға бір қадам үлгермей қалды. Ал аралас эстафетада спортшыларымыз алдыңғы 5-тіктен табылды. Олар тактикалық қателіктер жіберді. Оған өздері тоқталар. Бірақ бұл нәтижелердің өзі үлкен жетістік”, – деді спикер. 

Осы еңбектері үшін шорт-тректен ұлттық құрама спортшылары 70 мың доллар сыйақы алады. Яғни, елімізде Олимпиада ойындарында алтын медаль алған спортшыға 250 мың, ал күміс пен қолаға медаль иеленгендерге 150 және 75 мың доллардан беріледі. Бұдан бөлек 4-ші, 5-ші және 6-шы орын алған спортшыларға да ақшалай сыйақы қарастырылған. 

Осылайша Абзал Әжіғалиев 4-ші орын үшін 30 мың доллар табысталады. Ал эстафеталық сында ел намысын қорғаған Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан төрттігіне 10 мың доллардан беріледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу