Бейжің 32 түрлі тауарын Солтүстік Кореяға экспорттауды тоқтатты

668

Бейжің 32 түрлі тауарын Солтүстік Кореяға экспорттауды тоқтатты

Қытай ядролық қару жасауға қолданылуы мүмкін тауарларды Солтүстік Кореяға экспорттауды доғарады. Бұл туралы елдің сауда министрлігі хабарлады, деп жазады 24.kz.

Тыйым салынған тауардың тізіміне 32 зат ілінген. Олар бейбіт және соғыс мақсатында қолданыла береді. Басым бөлігі технологиялар мен жаппай қырып-жою қаруын жасауға қолданылуы мүмкін электронды тауарлар.

Бейжің мұндай қадамға Біріккен Ұлттар Ұйымының 2017 жылдың қыркүйегінде қабылдаған қарарын орындау мақсатында барған. Бұған дейін халықаралық ұйым Пхеньянның зымыран сынақтарына қарсы бұл елге салынған санкцияларды күшейткен еді. Нәтижесінде Солтүстік Кореяға экспортталатын мұнай көлемі 85 пайызға азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу