Бейжің Африка елдеріне 60 миллиард доллар бөледі

767

Си Цзиньпиннің айтуынша, бұл инвестицияның саяси астары жоқ. 

Бейжің Африка елдеріне 60 миллиард доллар бөледі

Бейжің Африка елдеріне 60 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде өтіп жатқан Қытай-Африка ынтымақтастық форумының саммитінде айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Қомақты соманың 15 миллиарды Африканың кей өңіріне көмек ретінде өтеусіз берілсе, пайызсыз қарыз бен жеңілдігі бар несие қорының сомасы 20 млрд долларды құрайды. Сонымен қатар даму жобасы бойынша арнайы қорға 10 млрд доллар, ал Африканың импорттық саудасына 5 млрд доллар бөлінбек. Бұған қоса алдағы үш жыл ішінде қытайлық компаниялар Африкаға кем дегенде 10 млрд доллар инвестиция құюға ниетті.

Си Цзиньпиннің айтуынша, бұл инвестицияның саяси астары жоқ. Қос тараптың "Бір белдеу, бір жол" жобасы аясында бірлесе жұмыс істеуі әлемдік экономиканың дамуына зор септігін тигізіп, барлық тараптарға да тиімді болады.

Ал сарапшылар экономикалық серіктестікке жақсы баға беріп қана қоймай, бұл ынтымақтастықтың арқасында Африка елдерінің әлеуметтік хал-ахуалы оңалады деп топшылап отыр. 

"Қытай Африкаға қатысты бес қағиданы ұстанады. Бейжің бұл аймақтағы елдердің істеріне араласпайды. Ондағы әрбір елдің саясаты мен ішкі істеріне килікпейді. Африканы өз ырқына көндіруге талпынбайды. Және осы инвестициялар арқылы саяси мүдде көздемейміз", - дейді , Си Цзиньпин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу