Бейжің-Астана рейстері 25 наурыздан бастап қайта іске қосылады

593

Ақпан айынан бастап Алматы-Пекин рейстерінің саны артады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бейжің-Астана рейстері 25 наурыздан бастап қайта іске қосылады Фото: mywowo.net

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе қатынасының қайта басталғаны туралы хабарлайды. Мәселені ААК Қытай Халық Республикасының авиациялық билігімен пысықтады.

Биыл 25 наурыздан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана – Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастайды. А-321 LR типті әуе кемелері қолданылады.

Сонымен қатар, осы жылдың 13 ақпанынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматы мен Бейжің қалалары арасындағы рейстерді 1 рейстен (дүйсенбі) аптасына 5 рейске дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр, көктемгі кезеңде аптасына 5-тен 7 рейске дейін кезең-кезеңімен одан әрі ұлғайту көзделген.

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайту екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік әрі мәдени-іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толыққанды пайдалануға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу