Бейжің әуежайы жауынға байланысты рейстерді шегерді

406

Жергілікті билік осы жағдайды ретке келтіру үшін пойыздардың санын көбейту жағын қарастырып жатыр.

Бейжің әуежайы жауынға байланысты рейстерді шегерді Фото: ria.ru

12 тамызда Бейжіңдегі "Дасин" деп аталатын халықаралық әуежай нөсерге байланысты 149 рейсті кейінге қалдырмақ. "Шоуду" әуежайы 142 рейсті тоқтатып, бір күн ішінде 860 рейстің ұшырылуы мен басқа жақтан ұшып келуіне тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Осылайша шамамен 93 мың жолаушы жолға шықпауы мүмкін. Әуежай әкімшілігі оларға ауа райы болжамын бақылап,  ресми хабарламаны күтуге кеңес берді.

Тағы бір жайт, Бейжің аумағында 117 автокөлік жолында қозғалыс тоқтатылып, қоғамдық көліктердің 100-ден астамының бағдары шектелді. 

Жергілікті билік осы жағдайды ретке келтіру үшін пойыздардың санын көбейту жағын қарастырып жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу