Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.
Сонымен қатар қалада қоғамдық орындарды зарарсыздандыру шаралары да күшейтілді. Мәдени және спорт шаралары өткізуге уақытша тыйым салынды. Өткізу пунктері де бақылауды қатаңдатты. Елдің басқа өңірлерімен автокөлік байланысы да шектелді.
Ресми дерек бойынша, соңғы үш күнде Қытай астанасында коронавирус жұқтырудың 106 фактісі тіркелген. Вирус қаланың оңтүстігіндегі "Синьфади" деп аталатын азық-түлік нарығынан тараған екен. Жергілікті билік ондағы барлық жұмысшыларды, сатып алушыларды және сол маңдағы тұрғындарды коронавирус анықтайтын тестілеуден өткізбек. Яғни жақын арада шамамен 200 мың адам медициналық тексерістен өтуге тиіс.
Табиғат Нұрболат
Фото: asiatimesfinancial.com