Бейжің Олимпиадасына 48 спортшы баруы мүмкін

765

2022-ші жылы ақпанда өтетін қысқы олимпиадаға 48 спортшы баруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бейжің Олимпиадасына 48 спортшы баруы мүмкін

Қазір шайбалы хоккейден қыздар арасында этаптық сайыстар өтіп жатыр. Егер финалға шығып, жолдама ұтып алса, Бейжіңде 70-тен астам отандасымыз өнер көрсетеді. Алайда солардың арасында Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының бір де бір өкілі жоқ. Жалпы қысқы бұқаралық спортқа жіті көңіл бөлмегендіктен, резервте спортшы да қалмай барады. Аламандарда да жақсы көрсеткіш болмады. Қысқы олимпиадаларда бар-жоғы 8 медаль иеленіппіз. Айта кетейік, Бейжіңдегі бәсекеге 128 күн қалды. Жарыс Қытайдың 3 қаласында, 15 спорт түрі бойынша өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу