Бейжің Олимпиадасына қатысатын барлық спортшы вакцина алды – вице-министр

1303

Олар 4 күн Қытай астанасында карантинде болады.

Бейжің Олимпиадасына қатысатын барлық спортшы вакцина алды – вице-министр

Бейжің Олимпиадасына қатысатын барлық қазақстандық спортшы коронавирусқа қарсы вакцина алған. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол дүбірлі додада 8 спорт түрінен 34 спортшы бағын сынайтынынын атап өтті.

"Олимпиадаға қатысатын спортшылардың басым бөлігі Алматы қаласынан – 8-9 спортшы, қалғандары басқа өңірлерден – 3-4 спортшы. Фристайл могулда 6 қазақстандық спортшы бағын сынайды. Олар Шығыс Қазақстан облысынан. Олар біздің – басты үмітіміз", - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Серік Жарасбаев бүгінде спортшылар бірнеше топқа бөлініп, дайындалып жатқанын айтты.

"Олардың бір бөлігі бүгінде Еуропада дайындалып жатыр. Сол жақтан оларды бірден Бейжіңге ұшу мәселесін қарастырып жатырмыз. Қалған 2 топ бар. Біріншісі, "Алау" мұз айдынында бабл жүйесі бойынша дайындалуда. Бұл – шорт трек, коньки тебу. Екіншісі, фристайл, қысқы көп сайыстан бағын сынайтын спортшылар Алматыдағы "Саду" спорт базасында бабл жүйесі бойынша дайыналып жатыр. Олар 14-27 қаңтар аралығында ешкіммен қарым-қанынас жасамай дайындалуда. Барлық спортшы коронавирусқа қарсы екпе алған", - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық құрамасы биыл 27 қаңтарда чартерлік рейспен Нұр-Сұлтаннан Алматыға кейін Бейжіңге ұшады. 

"Олар Бейжіңде 4 күн карантинде болады. Кейін жарыстарға қатысады", - деді Серік Жарасбаев.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Дүбірлі додаға 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Онда 15 спорт түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу