Бейжің Олимпиадасына келгендер COVID-19 жұқтыруда

1129

Науқастардың 12-сі – спортшылар мен шенеуніктер.

Бейжің Олимпиадасына келгендер COVID-19 жұқтыруда

Қытай билігі Бейжіңде өтетін Олимпиадаға келген адамдардың коронавирустың инфекция жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Ресми дерек бойынша, шет елден келген 37 адам ауруға шалдыққан. 

30 қаңтарда Қытайға 1 252 адам келді, оның 622-сі – спортшылар мен ресми тұлғалар. 630 адам – мүдделі тараптардың өкілдері. Спортшыларды әуежайда, олимпиадалық ауылдың қонақ үйінде ПТР-тестілеуден өткізу нәтижесінде 37 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді. Оның 12-сі – спортшылар мен шенеуніктер. 

Бейжіңдегі Ойындардың ұйымдастыру комитетінің мәліметіне бойынша, бір тәулікте спорт додасына қатысы бар 63 мың адамды тексерістен өткен. Оның алдында 34 адамның дертке шалдыққаны тіркелді. Ескере кететін жайт, Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу