Бейжің олимпиадасында шаңғы жарысына Қазақстаннан кімдер қатысады?

1176

Команда құрамы бекітілді.

Бейжің олимпиадасында шаңғы жарысына Қазақстаннан кімдер қатысады?

Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан жеті шаңғышы сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Александр Батяйкин мәлімдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Қысқы ойындарда екі ер адам мен бес әйел адам сынға түседі. Жарыс жолына Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко шығады. 

"Команда құрамы бекітілді. Бейжіңге Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко аттанады. Бапкерлер құрамына мен, Владимир Борцов пен Андрей Невзоров енді.

Алғашында сегіз жолдама аламыз деп жоспаралағанбыз. Алайда бір квотаға қолымыз жеткен жоқ. Мен ерлер мен әйелдер арасындағы екі эстафетаға да қатысамыз деп ойлаған едім. Біз пандемия мен шектеулерге байланысты біраз турнирге қатыса алмадық. Тек қана Германияның Оберстдорф қаласында өткен әлем біріншілігінде ғана бақ сынадық.

Олимпиадада біздің спортшылар барлық қашықтықтар бойынша сынға түседі. Тек эстафетадан сырт қаламыз. Қазіргі таңда команда мүшелері Италияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олимпиадаға 29 қаңтар күні ұшып барамыз", – деді Батяйкин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу