Бейжің Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі?

1178

Оның айтуынша, спортшыларға ақшалай жүлдеден бөлек, пәтер де беріледі.

Бейжің Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі?

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бейжің Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Біз Олимпиада ойындарын қысқы және жазғы деп бөлмейміз. Дүбірлі додаға қатысып, бірінші орыннан алтыншы орынға дейін ие болған спортшылар мен Паралимпиада спортшылары ақшалай жүлдеге ие болады. Заң бойынша 1-3 орын алғандарға жергілікті атқарушы органдар пәтер беруі керек деп қарастырылған. Бұл медальға байланысты", - деді вице-министр өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілітініне тоқталды.

"Бірінші орын – 250 мың доллар (109 млн 129 мың 500 теңге, 1 доллар – 436,52 теңге), екінші орын – 150 мың доллар (65 млн 477 мың 700 теңге), үшінші орын 75 мың доллар (32 млн 738 мың 850 теңге) қарастырылған... Бұл қаржы мемлекеттік қордан бөлінеді", - деді Серік Жарасбаев. 

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасында 8 спорт түрінен 34 қазақстандық спортшы бағын сынайды.

Қысқы Олимпиада ойындары Қытай астанасында 4 ақпанда басталады. Дүбірлі додаға 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Онда 15 спорт түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу