Арман Константинұлы – екі жоғары білімі бар, тәжірибелі спортшы және жаттықтырушы, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында қола жүлде иеленіп, Азия чемпионатында бірнеше рет топ жарған. 2006 жылы Азия чемпионы атанса, әлем чемпионаттарында да жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Чилманов бұған дейін спорт нұсқаушысы, мемлекеттік жаттықтырушы, Атырау аймақтық спорт орталығы директорының орынбасары және Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және "Құрмет" орденінің иегері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу