"Бейжің - Париж" халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын тірейді

901

Үш жылда бір рет өтетін Бейжің-Париж раллиі — 1907 жылы алғаш рет ұйымдастырылған автомобиль жарысы.

"Бейжің - Париж" халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын тірейді

2019 жылғы 17 маусымда VII "Бейжің - Париж" халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын бұрады. Әлемнің 30-дан астам елінің 120 бірегей сирек кездесетін автомобилін Marriott қонақ үйінің тұрағында (Достық к-сі, 2) сағат 16.30-20.00 аралығында көруге болады деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Үш жылда бір рет өтетін Бейжің-Париж раллиі — 1907 жылы алғаш рет ұйымдастырылған автомобиль жарысы. Ол Бейжіңнен (Қытай) Парижге (Франция) дейін 14 994 км арақашықтықты құрайды. Оған тек 1976 жылға дейін шығарылған көліктер ғана қатыса алады. Мысалы, Bentley, Lancia, Packard, Horch және құны миллион еуроға дейінгі басқа сирек кездесетін көліктер. Автожарыс Бейжіңнен басталады. Қатысушылар Қытайды аралап, 5 күн Моңғолия, Алтай (Ресей), Қазақстан, Ресей, Еуропа және Франция елдерінің аумағынан өтеді.

Айта кетейік, биыл әйгілі ралли алғаш рет бүкіл Қазақстан арқылы өтеді. 16 маусымда шараға қатысушылар Павлодарда, келесі күні Нұр-Сұлтанда, содан кейін Балкашино кентіне тоқтайды. Жол үстінде ретро автомобильдер Бурабайға соғады. Раллиге қатысушылар Қазақстанда ат басын бұратын ең соңғы қала – Қостанай. "Бейжің–Париж" раллиін ұйымдастырушы – Endurance Rally Association (ERA) (Лондон).

Жарысты ұйымдастыру идеясын LeMatin француз газеті ұсынған. Ол оны 1907 жылғы 31 қаңтардағы санында жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу