Бейжің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі

218

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап мақала жазды. 

Бейжің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі Фото: middlecorridor.com

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласында Бейжіңнің Транскаспий халықаралық теміржолын дамытуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сауда-экономика, өнеркәсіп, инвестиция, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықты ұлғайту, шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттыру, Қытай-Еуропа жүк пойыздарына қызмет көрсетуді жақсарту және көлік қатынасының кең әрі жоғары тиімді желісін жақсарту үшін Транскаспий халықаралық теміржолының құрылысын дамыту қажет", - деп жазды Си Цзиньпин.

Мақалада Қытайдың Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мәдени-гуманитарлық нысандарының рөлін айқындау қажеттігі айтылған.

"Халықтарымыз тамыры тереңге тартатын достыққа мүдделі. Оны сақтап дамыту үшін екі халықтың жақындығын арттыруға бағытталған мазмұнды мәдени-гуманитарлық байланыс қажет. Лу Бань шеберханасының, Конфуций институттарының, Қазақстандағы Қытай Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалының рөлін айқындап, екі ел арасындағы достықты лайықты жалғастырушыларды тәрбиелеген жөн", - деді Қытай басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу