Бұл жолғы шараны қытайлық Синьхуа агенттігі ұйымдастырды. Онлайн-жиында Associated Press, Reuters, Ресейдің ТАСС ақпараттық агенттігі, Aljazeera сияқты ірі медиа ұйым басшылары бой көрсетті.
Қазақстан тарапынан Атамекен бизнес медиа холдингінің басшысы қатысты. Шара "COVID-19 індеті кезіндегі БАҚ-тың даму стратегиясы" тақырыбы аясында өтті.
Айта кетейік, Атамекен бизнес арнасы соңғы екі жыл қатарынан Синьхуа агенттігі және Ergeng Cultural Media компаниясымен бірлесе "Сәлем, Қазақстан" бағдарламасының циклін шығарған еді. Бұл бизнес ашуға мүмкіндік беретін деректі фильмдер топтамасы. Аталған жоба келесі жылы да жалғасуы мүмкін.