Бейжіңде АҚШ пен Қытай сауда келіссөзін жүргізуде

980

АҚШ пен ҚХР Бейжіңде сауда келіссөздерін жүргізіп жатыр. 

Бейжіңде АҚШ пен Қытай сауда келіссөзін жүргізуде

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытай тарапынан келіссөзді ҚХР  Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ, ал АҚШ тарапынан  сауда өкілі Роберт Лайтхайзер мен қаржы министрі Стивен Мнучин жүргізуде.  Келіссөздер 15 ақпанда, жұма күні аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ 2019 жылдың қаңтарынан бастап  Қытайдан әкелінетін тауарға тарифті 10%-дан 25%-ға дейін көтеретін болған. Алайда желтоқсанда  G20  саммитінде Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь баж салығын 90 күнге дейін көтермей қоя тұруға келіскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу