Бейжіңде әлемдегі ең үлкен әуежай салынды

1678

"Дасин" — әуежай ғана емес, сонымен қатар Қытайдағы ең ірі көлік хабы. 

Бейжіңде әлемдегі ең үлкен әуежай салынды

Бейжіңде әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежайдың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Әуежай құрылысы жобасының жетекшісі  Ли Цзяньху "Дасин" әуежай ғана емес, сонымен қатар Қытайдағы ең ірі көлік хаб екенін, оның құрылысына 400 млрд юаньға жуық (60 млрд долларға жуық) қаражат салынғанын айтты.   

"Алтын феникс" бейнесіндегі жалғыз терминалы бар, ауданы миллион шаршы мерт болатын әуежай ҚХР-дың құрылғанына 70 жыл толу қарсаңына қарай, 30 қыркүйекте пайдалануға беріледі.  Жоба ҚХР төрағасы Си Цзиньпинның тікелей бақылауында. 

"Дасин" әуежайы Бейжіңнің оңтүстігінде қала орталығынан 46 шақырым жерде орналасқан. Оны салуға әлемдегі ең ірі "Шоуду" әуежайының жүктемесін азайту себеп болған. Екі әуежайдың арасы 67 шақырым. Әуежайдың алғашқы тасы 2014 жылдың 26 желтоқсанында қаланған. Ал құрылысы 2016 жылдың 15 наурызында басталған.  

Жаңа әуежайда төрт ұшу-қону жолағы болады. Ол жылына 620 мың рейсті қабылдай алады. 2025 жылға қарай әуежайдың өткізу қабілеті 72 млн адам болады деп болжанып отыр.  

Әуежайдың шатырының өзі әлемдегі ең үлкен темір шатыр деп танылып отыр. Оның аумағына 25 стандартты футбол алаңы сыйып кетеді.  Оның жобасын әзірлеуге әлемге танымал сәулетші және дизайнер Заха Хадид қатысқан. Әуежайждың тағы бір ерекшелігі – бұл құрылымдық жіксіз салынған әлемдегі ең ірі жеке ғимарат.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу