Бейжіңде аурухана өртеніп, 21 адам қаза тапты

472

Бейжіңдегі Чанфэн ауруханасында 20-дан астам адам өрттің құрбаны болды. 

Бейжіңде аурухана өртеніп, 21 адам қаза тапты Фото: РИА Новости

Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Чанфэн ауруханасының ғимараты сейсенбі күні сағат 12.57-де өртеніп, соның салдарынан 21 адам қаза тапты, 71 науқас эвакуацияланды.

Құтқару қызметтері, полиция мен дәрігерлер өрт жайлы хабар ала сала, оқиға орнына келді. Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп, құтқару жұмыстары аяқталды. Алайда әлі өрттің себебі анықталмады.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан бейнежазбалар тарап кеткен. Онда адамдардың кондиционерлердің сыртқы блогы арқылы төменге түсуге тырысып жатқанын, ал енді бірінің ғимараттың терезелерінен түсу үшін төсек жаймаларын пайдаланып жатқанын көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу