Бейжіңде "Бір белдеу — бір жол" форумы ашылды

382

Мемлекет басшылары келіссөздер жүргізілетін "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастықтың үшінші форумы Бейжіңде өз жұмысын бастайды.  

Бейжіңде "Бір белдеу — бір жол" форумы ашылды Фото: РИА Новости

"Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған аттас бастаманың он жылдығына орай өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Форумның биыл өткізілетіні туралы Қытай билігі жылдың басында хабарлады, бірақ нақты болатын күні өткен аптада ғана айтылды. Оның басты тақырыбы "Бір белдеу, бір жолдың "жоғары сапалы құрылысы", ортақ даму мен өркендеудің бірлескен жетістігі" болды.

Сондай-ақ, форум бағдарламасына қатысты ақпарат жарияланды. Сонымен сейсенбіде форум аясында кәсіпкерлік конференция өтіп, кешке қонақтарға арналып дастархан жайылады. Сәрсенбіде форумның ресми ашылу салтанаты өтеді, онда Си Цзиньпин сөз сөйлейді. Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі бірқатар форумдар мен тақырыптық форумдар өтеді.

ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюй Қытайлық БАҚ-қа берген сұхбатында форумға өзінің қатысуын 140-тан астам елдің және 30-дан астам халықаралық ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттік көшбасшылардың, халықаралық ұйымдардың басшыларының, министрлік деңгейдегі ресми тұлғалардың және іскер топтардың өкілдері растағанын айтты.

"Қазіргі уақытта тіркелген қонақтар саны 4 мыңнан асты", — деді Ма Чжаосюй.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу