Бейжіңде Covid-19 жұқтырған бірде бір науқас қалмады

572

Жалпы, ел аумағында 347 адам ем қабылдап жатыр.  

Бейжіңде Covid-19 жұқтырған бірде бір науқас қалмады

Қытай астанасы Бейжің қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адам қалмады. Бұл туралы қаланың гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитет өкілдері мәлім етті.

Осы күнге дейін шаһарда 935 тұрғынның ауруға шалдыққаны тіркелген болатын. Оның 335-сі "Синьфади" базарында індеттің күрт таралуы кезінде жұқтырған.

Қазір қалада жеңілдетілген эпидемиологиялық шаралар енгізілген. Тұрғындар көшеде маска киюге міндеттелмеген. Бірақ қоғамдық көліктерде, дүкендерде, мемлекеттік мекемелер мен халық көп жиналатын орындарда бетперде киіп жүруі тиіс.

Желтоқсан айынан бері Қытайда вирус жұқтырудың 90 мың фактісі тіркелді. Соңғы жеті күнде 108 науқас анықталды. 15 сәуірден бастап аурудан бірде бір тұрғын қаза болған жоқ. Қазір 347 науқас жергілікті ауруханаларда ем қабылдап жатыр, оның 7-еуі ауыр халде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу