Синоптиктердің мәліметінше, 10–11 шілде күндері қалада өте қатты жауын-шашын болады деп болжанып отыр.
Осыған байланысты Миюнь, Хуайжоу, Шуньи, Фаншань және Пингу аудандарында "қызыл" деңгейдегі ескерту енгізілді. Кей өңірлерде алты сағаттың ішінде 150 мм-ден астам жауын жаууы мүмкін.
Ал бір тәуліктегі жауын-шашын мөлшері 200 мм-ден асуы ықтимал. Су тасқынына қарсы штаб тұрғындарға сақтық шараларын күшейту жөнінде үндеу жасады.
Су басу қаупінің артуына байланысты 9 шілде күні сағат 13:30-дан бастап Бейжіңде төтенше әрекет етудің екінші деңгейі енгізілді.
Ресми SMS-хабарламада тұрғындарға ауа райы болжамдары мен дауылды ескертулерді жіті қадағалап, қауіпсіздік талаптарын сақтау ұсынылған. Сондай-ақ мүмкіндігінше жолға шықпау, қауіпті аймақтарға бармау және барлық сақтық шараларын орындау қажеттігі ескертілді.