Бейжіңде халық карантиндік шараларға наразылық көрсетті

730

Жексенбіде кем дегенде бірнеше жүз адам Бейжіңнің Чаоян ауданында жаппай наразылық акцияларына қатысты. Шеруге қатысушылар биліктен елдегі коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдетуді талап етеді.  

Бейжіңде халық карантиндік шараларға наразылық көрсетті Фото: eadaily.com

Адамдар кешке қарай Лянмахе өзенінің жағасында жинала бастады: басым көпшілігі студенттер наразылығының символына айналған А4 форматындағы ақ қағаздарды алып жүрсе, кейбіреулері шам жағып көзге түсті. Кейбір парақтарда "24 қарашада Үрімшіде қаза тапқан отандастар құрметіне" деген жазуды байқауға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бейбіт шеруге қатысқандар арасында студенттер мен басқа да жастар өкілдері көп. Олар Синьюаннанлу көшесімен жүріп өтті. Жиналғандар Қытай үкіметі жүргізіп жатқан "Covid-19-ға нөлдік төзімділік" саясатына қарсы ұрандар айтты. Наразылық акцияларына қатысушылар міндетті карантин мен жаппай ПТР-тестілеуден бас тартуды талап етті.

Оқиға орнына келген полиция жағалауға жақындауға тосқауыл қоюға тырысты, содан кейін наразылық білдірушілердің жолындағы көшелердің бір бөлігін жауып тастады.

Жаппай наразылық акцияларының түрткі болған оқиға - бейсенбіде ҚХР Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімші қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өрт. Тілсіз жау он адамның өмірін қиды, ал тағы тоғызы жарақат алды. Аталмыш ғимараттың тұрғындары Covid-19-ға қарсы шараларға сәйкес карантинде отырған.

Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат бойынша, зардап шеккендер енгізілген шектеулер салдарынан өз пәтерлерінен тез арада шыға алмаған, ал өрт сөндірушілер мен арнайы техника жабық жолдардан төтенше жағдай орнына уақытылы жетпеген. Билік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу